Созақ ауданы, Қ.Кемелұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Ізгілікке қалам тартқан... жас ғұмыр" тақырыбында 4-9 сынып оқушыларымен «Кітап — өмір айнасы» атты оқу сағаты ұйымдастырылды.
Мақсат - оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Аталған оқу сағаты барысында оқушылар екі топқа бөліну арқылы түрлі сұрақтарға жауап берді. Және де сурет арқылы мәтін құрап, мақал-мәтел, жаңылтпаш айтып, ерекше белсенділік таныта білді.
Айта кетей3к6 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге асуда. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енген. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады.