Созақтақтық мұғалімдердің еңбегі еленді

image.png

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз» деген болатын.

Бүгін Созақ ауданды «Мыңжылқы» мәдениет сарайында 5 қазан – Мұғалімдер күні құрметіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиынға Созақ ауданының әкімі М.Тұрысбеков, аудандық мәслихаттың төрағасы О.Жәмиев, Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров, мектеп басшылары, мұғалімдер және ардагер ұстаздар қатысты. Созақ ауданының әкімі М.Тұрысбеков  жанары ізгілікке, жүрегі қадір-қасиетке толы, жаны жайсаң қымбатты ұстаздарды төл мерекесімен  құттықтады. 

Бүгінгі таңда зейнеткерлік демалыста отырған ардагер ұстаздарды ерекше құттықтап, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған ардагер ұстаздарға гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар тапсырылды. Білім саласының озық қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Аудандық мәслихаттың төрағасы О.Жәмиев ұстаздар күніне арналған жүрекжарды лебізін білдіріп, шығармашылығымен көзге түскен ұстаздарды марапаттады.

Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров шәкірттері биік белестерді бағындырып жүрген шығармашыл ұстаздарды марапаттады.

Шара барысында мұғалімдер мен өнерлі балалардың концерттік бағдарламасы көрерменнің көңілінен шықты.Салтанатты жиын соңы «Ұстазым» әнімен қорытындыланды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер