Отырарда ұстаздарға құрмет көрсетілді

image.png

Отырар ауданында 5 қазан – Мұғалімдер күні аясында «Ұстаз- мәңгі нұрдың қызметшісі» атты мерекелі іс-шара өтті. Салтанатты жиынға білім саласының ардагерлері, ұлағатты ұстаздар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ұлағатты ұстаздар қауымын төл мерекемен құттықтап, салтанатты шараны ашып берген аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов мұғалімдердің болашақ ұрпағымызды оқытып, тәрбиелеудегі рөлінің маңызы зор екенін айтты.

Сондай-ақ мерекелік шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева мен аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Егемберді Қасым шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген құрмет қашан да жоғары болатынын айта келе бірқатар білім қызметкерін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапаттады. 

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, білім саласының ардагерлеріне сый-сияпаттар жасалып, құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша 81 919 педагогикалық кадр жұмыс жасауда. Оның 64 983 педагогі орта білім саласында еңбек етеді.  Педагогтердің 68,0 пайызы cанатты педагогтер. Оның «педагог-шебер»-865, «педагог-зерттеуші»-13666, «педагог-сарапшы»-15554, «педагог-модератор»-11624, «педагог»-16374.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер