«Мың алғыс, саған, ұстазым!»

image.png

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызының басшылығымен үлкен мереке- ұстаздар қауымының төл мерекесі аудандық мәдениет үйінде кең көлемде аталып өтілді. Мерекеге облыстық білім басқармасы мен облыстық білім және ғылым кәсіподағы өкілдері, ауданның атқарушы билік өкілдері -аудан әкімі,орынбасары, аудан прокуроры, мәслихат депутаты, арнайы шақырылған қонақтар, ардагер ұстаздар, ұстаздар қатысты. 

Мәдениет үйінің кіре беріс дәлізінде оқушылардың ғылыми жобалардан орын алған жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, «Өнер» мектебі оқушыларынан құрылған домбырашылар ансамблі мерекеге күйден шашу шашты. 

Алты алаштың баласы жиылғанда төр ұсынылатын, шахтер де, ғалым да, дәрігер мен ұлы ақындар да бас иетін, өз уақытын аямаған өзгенің бақытын аялаған, жас түлекті бас түлекке баулыған ұстаздардың ұлық мерекесімен аудан әкімі Оралбаев Азат Әбдіғалиұлы, Түркістан облысының білім басқармасының бас маманы Арап Қайрат Әбдірахымұлы, Ордабасы аудандық мәслихат хатшысы Жұмабеков Бақдаулет Құрманбекұлы, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Бақыт Сейтжаппарұлы ұстаздарды мерекемен құттықтап, марапаттар табыстады. 

Ордабасы аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшылары, мереке қонағы Мырзалиев Әбдіғаппар және Маханова Замира Сәбекқызы ұстаздарға жүрек жарды құттықтауларын жеткізіп, биыл ғана жаңадан алғаш ұстаздық еңбек жолын бастаған жас мамандарға сәттілік тіледі. Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, жас әнші, эстрада жұлдызы Әділет Жауғашар, М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы республикалық «Қазақстан даусы» балалар байқауының лауреаты Көшбай Олжас ұстазы Жұматаев Ғалымжанмен әуезді әнін арнады. Сахна төрінде ұстаздар мен оқушылар ән, күй, би өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға құттықтауын жеткізді. «Зерде» жалпы орта мектебінің мұғалімі Әлқожа Перизаттың «Мың алғыс, саған, ұстазым!» әніне барлық ұстаздар қосылып мереке шымылдығын жапты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер