Түркістандық ұстаз ел Президентінен марапат алды

image.png

Астанада республикалық педагогтер съезі өтті. Маңызды жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын дамыту, ұрпақ тәрбиесі, ұстаздардың деңгейін көтеру, қолдауды күшейту және осы саладағы өзге де мәселелерді қозғады. Мазмұнды баяндама жасап, барша ұстазды мерекемен құттықтады. 

Ұстаздар күніне арнайы ұйымдастырылған ауқымды жиында Президент аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді. Олардың арасында Түркістан облысынан Роза Салимова да бар. 

Түркістандық білікті ұстаз Салимова Роза Қуанғалиқызы 2003 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік педагогикалық университетінің орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша қызыл дипломмен тәмамдаған. Алғашқы жұмыс жолын 1986 жылы Бәйдібек ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 2012 жылдан бастап С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер