Ерекше балаларға дәріс беретін ерекше ұстаз

image.png

Балаға алғаш қалам ұстатып, әріп үйрету оңай шаруа емес. Мұғалім мектеп табалдырығын енді ғана аттаған балаға оқу мен жазуды үйретіп қана қоймай, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет. Ал егер  «ерекше»  балалар болса онда ұстазға екі есе жүк артылатыны сөзсіз. Түркістан облысы Түлкібас ауылындағы арнайы мектепте мұғалім болып еңбек ететін Мейіржан Омаров тілінде мүкісі, ақыл-ой дамуы кенжелеп қалған өрендердің өнерге құштарлығын оятумен бірге, әуен терапиясы арқылы олардың ширап, жетіле түсуіне ықпал етіп келеді. Қазір оның сабағына 11 бала  қатысып жүр. Олар туғаннан сөйлеуі тежелген, құлағында мүкісі бар, аутизм және дауна дертіне шалдыққан  ерекше балалар.  

Солардың бірі 9 жастағы Байкен ұстазының көмегімен осымен екінші әнді айтып үйреніп жатыр. Тілінің тұтықпасы бар оқушыға ән мәтінін жаттау да, ырғаққа ілесу де оңай болған жоқ. Мұғалімнің ыждаһатылығы мен өзінің талпынысы арқасында қазір  Байкен «Еркем-айды» еркін шырқайтын болды.  Үшінші сыныпта оқып жүрген Байкеннің осылайша музыкаға деген ынтасы күннен-күнге артып келеді. Сыныпта Байкеннен басқа да балаларға Мейіржан Омаров жеке дара дәріс өткізеді. Олар сөздерді дұрыс айту үшін буынға бөліп жаттығады. Дұрыс тыныс алу, логоритмиканы үйренеді.  

   «Әуеннің өз ритмі болады ғой. Соған байланысты сөйлеп үйренеді. Буынға бөліп сөйлеп. Және баяу темптегі. классикалық немесе өзімізің күйлерді тыңдағанда балалының жаны жай табады. Жаңа әнді бастаған кезде оның сөзін қарапайым елестету арқылы түсіндіремін және оның ырғағын ритмикалық  суретін, әуенін бөлек-бөлеу талдап  үйретемін сонда балаға түсінікті болады»,- дейді ұстаз.

  Ортасына сыйлы ұстазды ұжымы да ерекше құрметтейді. «Мейіржан өте таланатты, кішіпейіл, шығармашылығы, тәжірибесі мол адам. Балалармен қарым-қатынасы өте керемет. Балалармен тез тіл  табысып кетеді»,- дейді психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Айжан Сәбденова.

 Мейіржан бір кездері орекстр және ансмабль құрамында өнер көрсетуді арамандаған екен. Алайда бұл арманы ұстаздыққа деген құштарлығынан асып түсе алмады.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер