Алпамыс - мектеп президенті

image.png

Түркістандағы NIS-те өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы сайланды. Мектепте өткен сайлауға дауыс беру құқығы ие болғандардың 490-ы қатысты. Арнайы жасақталған сайлау учаскесінде тіркелушілер мен бақылаушылар сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз етті. Жалпы мектеп көшбасшысы атануға 3 кандидат өздерін ұсынып, 9 «С» сынып оқушысы Жеңіс Кертай, 11 «В» сынып оқушысы Аружан Жарылқап, 11 «К» сынып оқушысы Алпамыс Сартай өз бақтарын сынады. Барлығы сайлауалды бағдарламаларында мектеп өмірін жақсартуға және оқушылардың дарындылығын, шығармашылық және креативті ерекше қабілеттерін ашуға бағытталған жаңалықтар енгізуді көздейді.

Сайлаудағы дауыс беру нәтижесі бойынша президенттікке үміткерлер арасынан 11 «К» сыныбының оқушысы Алпамыс Сартай 211 дауыс жинап, алдыңғы қатарға шықты. Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін түрлі активитилер мен мектепішілік жарыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар спорттық шараларға басымдық беруде көптеген жұмыстар атқаруды жоспарлаған 11 «К» сынып оқушысы Алпамыс Сартай үздіктердің ішінен оза шауып, мектеп президенті атанды.

Ендігі кезекте Алпамыс Сартай Зияткерлік оқу ордасының өзін-өзі басқару ұйымының президенті ретінде мектеп дамуына атсалысатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер