Сайрамда 8 мыңға жуық педагог бар

image.png

Сайрам ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Ұстазыма мың алғыс!» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. 

Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Сәбитов, Сайрам ауданы мәслихатының төрағасы Шамхат Халмурадов, аудан ұстаздары және ардагер ұстаздар

қатысты. Аудан әкімі білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, мұғалімдерді мерекемен құттықтады. 

«5 қазан күні дүниежүзіндегі 100-ден аса елде мұғалімдер күні мерекесі тойланады. Ұстаз - ұлағатты есім! Мұғалімге артылар міндет ауыр екені белгілі. Ұрпақ тәрбиелеу үлкен жауапкершілік. Бүгінде ауданда 64 990 оқушы бар, ал мұғалімдер саны 7867-ге жетті. Ауданның барлық мұғалімлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін»,- деп сөзін аяқтады аудан әкімі.

Жиын барысында аудан басшысы ұстаз деген ардақты мамандықтың қадірін айта келе, ең үздік мектеп мұғалімдерін марапаттады.

Жалпы ауданда білім саласында 96 мектеп бар болса, оның 74-і мемлекеттік, 22-сі жекеменшік. Жаңа оқу жылында 2966 орындық 6 жекеменшік мектеп іске қосылды. Облыстағы жеке меншік мектептердің саны 112 болса, соның 19,6%-ы ауданның үлесінде. Яғни, жекеменшік мектеп салудан облыста Сайрам ауданы көш бастап тұрған аудандардың бірі. 

Жиын барысында Сайрам аудандық мәслихатының төрағасы Шамхат Халмурадов мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды марапаттады.

Салтанатты іс-шара өнерпаз жастардың ұстаздарына тарту ретінде əзірленген концерттік бағдарламасына ұласты.

Сонымен қатар  Сайрам ауданы білім бөлімінің мәжіліс залында үздік ұстаздарды Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Г.Тынымбаеваның және "ШАПАҒАТ-ПЕДАГОГ" білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Г.Тлеубердиеваның Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ Ұстаздарға кәсіподақ тарапынан мерекелік сыйлықтар табыс етілді.

Сайрам ауданы кәсіподақ комитеті тарапынанда үздік ұстаздарға Алғыс хаттар мен мерекелік сый-сыяпаттар табыс етілді.

Халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ беретін аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана сезімді сіңіруші адам-мұғалім. 

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша 81 919 педагогикалық кадр жұмыс жасауда. Оның 64 983 педагогі орта білім саласында еңбек етеді. 

Педагогтердің 68,0% cанатты педагогтер. Оның «педагог-шебер»-865, «педагог-зерттеуші»-13666, «педагог-сарапшы»-15554, «педагог-модератор»-11624, «педагог»-16374.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер