Ұлағатты ұстаз - ұлт мерейі

image.png

Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет сарайында өткен мерекелік іс-шара қала ұстаздарының мерейін тасытып, шығармашылығына шабыт сыйлаған, шынайы, шаттыққа толы көңіл күймен өрнектелген күн болды. Ұстаздар үшін ән шырқалып, би биленіп, ұстаз тұлғасы мен еңбегі сахына төрінде марапатпен марқайды.

Қала әкімі Ж.Тасов, қалалық маслихат хатшысы Қ.Елеусізов, Аманат партиясы төрағасы А.Басаров және Кентау қалалық білім бөлімінің басшысы А.Әуелбеков ұстаздарға ізгі тілегін арнады.  Ұлы мұрат жолында жүрген ұстаздың ұлағаты — ұрпақ бойына ұлылықтың ұрығын ексін! Ұстаздың мерейі үстем, шәкіртің талабы терең болсын!

Айта кетейік, Қазақстанда педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі. Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер