Қаланың бас педагогы ұстаздардың шаңырағында болды

image.png

Ұстаздың адамзат өміріндегі алатын орны ерекше екендігін жақсы білеміз. Себебі, барлық адам баласы ұстаз алдында тәлім мен тәрбие алады. Жас ұрпақтың санасына біліммен қатар мәдениеттілікті, парасаттылықты сіңіретін де осы педагогтар.

Түркістан қаласының білім саласының тарихы өте тереңнен бастау алады. Қаншама ұлағатты ұстаздар еңбек етіп, киелі қаланың білім саласын дамытуға үлестерін қосты. Кейінгі буынға зор үлгі мен өнеге болып, білімді де білікті, өз кәсібіне адал педагогтардың қалыптасуына зор ықпал еткендері де қаншама?!

«Мұғалімдер күні» мерекесі қарсаңында Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы бірқатар ұлағатты ұстаздардың отбасында болып, төл мерекемен құттықтады. Атап айтқанда, педагогикалық жолында өзіндік із қалдырған Гүлжан Әсілбайқызы мен Оразкүл Искакованың шаңырағында болып, тәжірибелі педагогтардың орамды ойларын тыңдады. Мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады. Өз кезегінде бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ақ жаулықты аналар Оразкүл Шайхықызына аналық ақ батасын беріп, киелі қаланың білім саласын дамыту жолында жасап жатқан елеулі еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.

Осы ретте айта кетейік, Елорда төрінде өткен I-Республикалық педагогтер съезі аясында, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Медеубек Гүлдар Сапарбекқызы. " Білім беру саласының дамуына қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін" комитет төрағасы Ернұр Нұрланұлы Дауеновтың алғыс хатымен марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер