Кенжебай Шалдың шығармашылығына арналған кездесу өтті

image.png

Созақ ауданы, Нәзір Төреқұлов атындағы IT-мектеп-лицейінде ұлағатты ұстаз, елімізге белгілі дәстүрлі әнші, Қаратау дәстүрлі мектебінің дүлдүлі Кенжебай Шалдың шығармашылығына арналған ”Өмірі өнеге ұлағатты ұстаз” тақырыбында кездесу кеші болып өтті.

Кештің мақсаты — халықтық шығармаларға айналған әндеріміз бен оның орындаушылары жайлы, әндердің шығу тарихынан сыр шерте отырып, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, туған жер таланты, дәстүрлі әнші Кенжебай Шалдың шығармашылығын насихаттау.

Кеш барысында қазақ дәстүрлі әншілік өнерінің ерте ғасырлық даму тарихы мен сал-серілер туралы мағлұматтар айтылды. Кеште дәстүрлі ән орындаушы, мектептің музыка пәнінің мұғалімі Гүлбану Шалабаева нақылға толы терме орындады.

Кеш қонағы Кенжебай Шалдың өмір жолына байланысты “Өнерлі ұстаздың өнегелі жолы” тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Көрермендер керемет әсер алды.

Дәстүрлі әнші Кенжебай шал тәлімі мол, өнегеге толы әңгіме өрбіте отырып, тағылымдық, шежірелі сабақ өткізгендей әсер берді. Отбасы, ұлттық құндылықтар жайлы қойылған сұрақтарға жауап бере келе, мазмұны әсем әнмен үйлестіріп отырды. Шәкірті Ерсін Ақжарбек те ұстазының ұлағатты жолын жалғастырып, дәстүрлі әннің алғашқы әуенін орындады.

Мектеп-лицей директоры Гүлсара Сейтханқызы, алғашқы ұстазы Айнаш Төлеуова, әншінің жерлесі, өнер жанашыры Дана апайлар сөз сөйлеп, тілектерін білдірді.

Тағылымы мол, тәрбиелік маңызы терең кешті білікті, шебер-ұстаз Жарқынбек Бекпенбетов жүргізіп отырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер