«Аңыз адам» атты шығарма жазу байқауы өтті

image.png

Шардара аудандық мәдениет сарайында Қазақстанның халық қаһарманы, атақты партизан, әрі жазушы Қасым Қайсеновтың қарапайым да құнды жатық тілмен жазылған шығармаларын оқи отырып жас буынды отансүйгіштікке,патриоттық тәрбие беруге баулу.,шығармаларын балалар мен жасөспірімдерге дәріптеп ,ерлікке баулуда таптырмас құрал ету, өскелең жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Аңыз адам» аудандық балаларға арналған шығарма жазу байқауы өтті. Байқауға қазылық жасаған алқасының құрамы, Төрайымы аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдіскері, Туреханова Айнұр Серікбайқызы, аудандық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі маманы, Жұбаева Маржан Серікқызы, ақын, дәстүрлі әнші, жыршы-термеші, аудандық мәдениет сарайының қызметкері, Дауылбаев Қанат Мансұрұлы қатысушылардың өнерін сараптап төмендегіше жүлделі орындар бекітті. 

Бас жүлде "Достық" жалпы орта мектебінен Құрбанбай Қазына,  I орын Шардара мектеп лицейінен Жайсаңбай Балауса Кошкарқызы,  II орын Құрманғазы Сағырбайұлы жалпы орта мектебінен Балтабай Ақбота, II орын, Сырдария жалпы орта мектебінен Серік Ерсұлтан. III орын Ұзын ата жалпы орта мектебінен Минкан Айдын Болатбекқызы,  III орын Б.Соқпақбаев жалпы орта мектебінен Ошақбай Нұрмұхамед Бахытұлы,  III орын Ақалтын жалпы орта мектебінен Заманбек Аяулым.

Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы жүлдесімен Ш.Уалиханов жалпы орта мектебінен Абдурахим Нұрсая, М.Голький жалпы орта мектебінен Сайыпбай Ақмейір, Қ.Аманжолов жалпы орта мектебінен Салкинбек Рағина Кенжеғалиқызы. А.Әлімбетов жалпы орта мектебінен Базаркул Балнұр, М.Әуезов жалпы орта мектебінен Жаханша Айару, Шардара мектеп лицейі Ерсайын Ислам Жоламанұлы , Қоссейіт жалпы орта мектебінен Кеңес Ақдидар. Ұзын ата жалпы орта мектебінен Шерімбай Ерасыл Алдиярұлы қатысқаны үшін марапатталды. Қатысушыларғы бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер