Бәрі де ұстаздар үшін...

image.png

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдер күні мерекесіне орай "Ұстаздық еткен жалықпас" тақырыбында 10 күндік іс-шара жоспарына сәйкес  спорт үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Шынықсаң шымыр боларсың» атты спорттық эстафета өткізілді.  Эстафета мақсаты: Педагогтар арасында көңілді старттар ойынын өткізу арқылы, педагогтардың көңіл күйлерін көтеріп, спортқа деген қызығушылыққа, шығармашылыққа үйрету. Өз командасы үшін жанкүйер болып, командалық көңіл-күйге, бір-біріне деген ынтымақтастыққа, бірлікке шақыру.

Сондай-ақ аталған білім ошағында іс-шара аясында «Қылқалам» сурет үйірме жетекшісі  С.Тұрсынбаевтың ұйымдастыруымен «Ұстазым – ұлағатым үлгі өнегем» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Сонымен қатар ұстаздардың мектеп және студент шақтарында түскен суреттерінен фото көрме ұйымдастырылса, «Қолөнер» үйірме жетекшісі Г. Әбдіманапова бүктеме жасауды ұйымдастырды.

Және де "Ұстаздық еткен жалықпас" тақырыбында 10 күндік іс-шара жоспарына сәйкес 25.09 – 05.10 күндері аралығында айналасына білім, тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында «Өлкетану» үйірме жетекшісі И. Құдайбергенованың ұйымдастыруымен «Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік» тақырыбында 5 – 11 сыныптар аралығында қабырға газетін ұйымдастырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер