Нағыз ұстаз болу бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.Шардара ауданы білім бөліміне қарасты "Сырдария" жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз Шолпан Қалауованың білім жолындағы еңбегі ұшан-теңіз. Әдебі-бөлек, мәдениеті жоғары, шәкірттерін өзінің болмысымен тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып, ұлы ұстаздық жолында қызымет етіп жүргеніне де биыл 40 жылдан асты. 1983-1988 жылдары Низами атындағы Тошкент мемлекеттік Педагогикалық Иниституның филология факультетінің "Қазақ тілі және әдебиет" мамандығын бітіріп, еңбек жолын мектеп қабырғасынан бастап, бүгінгі таңға дейін тынбай еңбек етіп келе жатқан құрметті ұстаз. Шолпан апайымыздың еңбек жолында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері орасан зор. Қазақстан Республикасының "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотосымен, Облыстық Кәсіптік Одағының Құрмет грамотасымен, аудандық білім бөлімінің марапаттар мен Алғыс хаттары, Мұғалімдерге арналған Қазақ тілінен өткен Ұлттық интернет Олимпиадасының 1 дәрежелі дипломымен, Республикалық "Үздік авторлық бағдарлама" мұғалімдер байқауының жеңімпазы, сондай-ақ, "Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт" жобасы аясында ұстаздар арасында өткен "Кітапхана" кітап оқу сайсының апталық және айлық кезеңдерінің жеңімпазы.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деп данышпан Абай атамыз айтқандай, ерінбей, жалықпай еткен еңбегінің арқасында оқушылары аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. Шәкірттерін білім аламанында шыңдап, жеңісті жолда алған өзінің марапаттары да жетерлік. Атап айтар болсақ, Республикалық дарынды оқушылар шығармашылық байқауында шәкірттері жүлделі орын алғаны үшін Алғыс хатымен, "Жарқын болашақ" республикалық Қазақ тілі Олимпиядасының жеңімпазын дайындағаны үшін, "Мадақтама марапаты" мен "Алтын қыран" ерекше дарын иесі зияткерлік олимпиядасының жеңімпазын дайындағаны үшін, "Ойзерек" білім порталының ұйымдастырған байқауда оқушылары үздік бағалауға ие болғаны үшін, Аудандық мектеп оқушыларының арасында өткен " Сексеуілдің шоғы" атты Ж.Мұқанов оқуларында оқушысын үздік дайындағаны үшін Алғыс хаттарымен марапатталған.
Қазақ тілі және әдебиет пәнін таңдаған көптеген шәкірттері грант иегерлері атанған. Оқушыларға сапалы білім беру жолында жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды техналогияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып үнемі ізденіс үстінде жүретін Шолпан апайымыз ұстаздық жұмысында аянбай еңбек етіп, жалғастырып келеді. Өйткенің оның өмірінің қызығы-мектеп, еңбегінің жемісі-өскелен ұрпақ, қуанышы-үлкен өмірінің айдынына қанат қағып жатқан түлектер.