Оқушылар «ұстаздық етті»

image.png

Түркістан облысы Шардара ауданы Білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Мұғалімдер күні мерекесіне орай 5-қазан «Ұстаз ұлы тұлға!» атты мерекелік іс-шарасы аясында "Дублер күні" ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 9-11сынып оқушылары өткізді. Мектеп парламент мүшелерінің қатысуымен Дублер күні жоғарғы сынып оқушылары мұғалім рөлінде болып, қиындығы мен қызығы мол мамандықтың ерекшелігін түсінуге мүмкіндік алды.Таңертең мұғалімдерді мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мен бітіруші сынып түлектері қарсы алып, мерекелерімен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар нағыз мұғалім рөлінде болып, сабақтарды жүргізудің маңызды екенін сезіне білді. Дублер күнінің соңында ұстаздарға арналған мерекелік концерттерін ұсынды. Ұстаздарға ұмытылмас күн сыйлаған дублерлер: мектеп директоры: Абдуғаппар О (11А), Оқу ісінің меңгерушісі: Смайл А (11Ә),  Мадихан А-география (10Ә), Алмеш Ж  тарих  (10А),  Орман Қ-орыс тілі (10А),  Амандық Д-дене шынықтыру (10Ә),  Шымбай Д-АӘД (10А). Қызықты іс-шараны ұйымдастырған мектеп тәлімгері: Нағима Әуелбекова. "Дублер күнінің" қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу тек қана қиын емес қызықты деген ортақ ойға келді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер