Жақында Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті.
Олимпиадаға 17 аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінен 47, мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 22 оқушы, жалпы 69 оқушы қатысты. Ал Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан 137 оқушы мектепішілік, аудандық кезеңге 42 оқушы, ал облыстық кезеңге жүлдегер атанған 3 оқушы қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсат-міндеттері: орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау; жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету; тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыстық кезеңге М.Ломоносов атындағы МГ-ның оқушысы Абдрахманова Айғаным І орынды, ал А.Асқаров атындағы ЖОМ оқушысы Купбай Әсел арнайы «Алғыс хат» иеленді.
Айта кетейік, Президенттік олимпиадаға 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Оларға төрт пән бойынша — математика, физика, химия және биологиядан тапсырмалар беріледі. Президенттік олимпиада үш кезеңде өтеді. Атап айтсақ, аймақтық, іріктеу және республикалық кезең. Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ-нің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапатталады. Сондай-ақ біз олимпиада жеңімпаздары үшін республикадағы жоғары оқу орындары білім гранттарын ұсынады. Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жұмысын халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының PhD докторлары бағалайтын болады. Барынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін конкурс онлайн түрде көрсетіледі. Естеріңізге сала кетейік, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.