Білім беруде цифрландыру аса маңызды

image.png

Қазіргі кезде ақпарат және оны білім беру саласына енгізу жалпы қоғамның дамуын анықтайтың шешуші фактор екені талас тудырмайды. Осы тұрғыдан қарасақ, республикамыздың білім жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттарын қамтитын мәселе оны ақпараттандыру болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Білім беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бірқатар шаралар жасалуда. Атап айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептер қазіргі заман талабына сай техникамен және програмалық құралдармен жабдықталу үстінде.

Осы ретте  Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектебінде информатика пән бірлестігі апталығының ашылуы өтті. «Цифрлы Қазақстан, заманауи технологиялық прогрестердің дамуы» тақырыбында өткен апталық мақсаты - информатика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырыру, ой-өрісі мен таным белсінділіктерін жан-жақты жетілдіру. 

Іс-шара барысында оқушылардың STEAM білім беру бойынша 3D принтерінен дайындап, шығарған жұмыстары және робототехника пәні аясында жасалған роботтардың жұмысы көрсетілді. Оқушылар экран арқылы қойылған сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар алды.

Айта кетейік, мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.

Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру – дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер