Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде оқушылардың логикалық ойлауын тереңдету, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі «Тіл – ұлттың жаны» атты тақырыбында онкүндіктің іс-шара жоспары бойынша "Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы" атты тақырыпта ата-бабамыздан қалған шешендік сөздері, салт-дәстүрі,ырым мен тиым сөздерін насихаттау мақсатында жоғарғы деңгейде іс – шара өтті.
«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деп Мағжан Жұмабаев атамыздың сөзімен мектеп – лицей директоры Ж.Сапаров бастап, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, бабаларымыздан қалған асылмұрамызды сақтауға, тәрбиелі, мәдениетті, ұлтжанды азамат пен азаматша болуға шақырды.
Іс – шара барысында қазақтың ұлттық ойыны асық ату, домбыра шерту, қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпы туралы сөзжұмбақтар мен адасқан әріптерді тауып сұрақтарға оқушылар, ұстаздар және ата – аналар белсене атсалысып, сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарын алды.
Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра деп, мектеп – лицей директоры Сапаров Жанат ағайымыз Қазақ халқының «Келіншек» күйін орындап көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.
Іс - шараның жоғарғы деңгейде өтуіне әдістемелік бірлестік жетекшісі Демеуова Ғалия және пән мұғалімдері Алматова Салиха, Сахова Гүлсім, Жексенбаева Салтанат үлестерін қосты.