Түлкібаста еңбегі сіңген ұстаздар марапатталды

image.png

Түлкібас ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде Түлкібас ауданының педагог қызметкерлеріне арналған "Ұстазыма мың алғыс!" атты Мұғалімдер күніне арналған мерекелік салтанатты жиын өтті. Келген қонақтар әуелі " Түлкібас аллеясында " білім беру ұйымдары арнайы дайындаған қолөнер, сурет көрмесі, қолданбалы қолөнер көрмесімен танысты және Аудандық Балалар өнер мектебінің "Ұлт-аспаптар" оркестірі қонақтарды қарсы алды. Салтанатты жиынға білім саласының ардагерлері, ұлағатты ұстаздар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ұлағатты ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап, салтанатты шараны ашып берген аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов мұғалімдердің болашақ ұрпағымызды оқытып, тәрбиелеудегі рөлінің маңызы зор екенін айтты және ұстаздарды ҚР Оқу-ағарту министрінің "ЕҢБЕК АРДАГЕРІ" медалімен ,ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен, Аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Сондай-ақ мерекелік шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Ержан Кадырбек Изтайұлы мен Түлкібас ауданының мәслихат хатшысы Байысбаев Хамит Әлібекұлы және Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбішев Дәулен Мырзалыұлы ардагер ұстаздар мен педагогтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады және шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген құрмет қашан да жоғары болатынын айта келе, білім саласының дамуына үлес қосқан ұстаздарымызды Түлкібас ауданының мәслихатының Алғыс хатымен, Облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен , Облыстық білім басқармасының және Облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен марапатымен марапаттады. 

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, білім саласының ардагерлеріне сый-сияпаттар жасалып, құрмет көрсетілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер