Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп менің-Отбасым!» жобасы аясында 9 «Ә»сынып оқушыларымен география пәнінен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ тақырыбы «Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары.» Қызықты әрі пайдалы сабақты педагог-зерттеуші Аида Айтуғанова жүргізді. Ашық сабақты басты мақсаты: Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылдықтарын анықтау.
Сабақ барысында оқушылар,сабаққа қызығушылықпен қатыса отырып, үй тапсырмасын,жарыса, ауызша «Блиц турнир» сұрақтарына жауап берді.Оқушылар пайдалы қазбалардың шартты белгілері арқылы үш топқа бөлінді.
Оқушылар тақырып бойынша ауызша өз ойларын ортаға салып, пікір таластырды. Мұғаліммен оқушылар арасындағы қарым-қатынас,отанға деген сүйіспеншілік, жетістікке жету үшін бірлескен әрекетті,анық көрсете білді.