Түлкібас ауданындағы О. Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде аудандық білім бөлімі, облыстық ардагерлер кеңесі тарапынан 28 қыркүйектегі №98 хатына сәйкес, "Әкелер мектебінің" жұмыстары жөнінде оның ішінде "Ұрпақтар сабақтастығы" және "Жас ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс" тақырыбында жиналыс өтті.
Қонақ ретінде көпті көрген, жастарға айтары көп Қалтаев Сейдуалы , Айтқулов Бекжігіт, Ахимбеков Қарабек, Қойтаев Кәдірбек, Қыдыралиев Пернебек секілді ауыл ақсақалдары шақырылды. Сондай-ақ іс-шараның басы қасында "Әкелер кеңесінің" мүшелері Теңелов Кәдірбек, Бекетаев Досымжан жүрді.
Аға буын өкілдерінің ұрпақтар сабақтастығы бойынша жиынның мақсаты: жастардың ұлттық мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрлерді және адами құндылықтарды сақтауына, оны жаңғыртуға, ұлттық және мәдени бірегейлікті дамытуға жәрдемдесу.
Әсіресе, қазіргі жаһандану саясаты дендеп тұрған шақта ұрпақ тәрбиесіне ұлт келешегіне аса көңіл бөлу – әр азаматтың міндеті. Ұрпақтар сабақтастығын жарасымды жалғастыруда, ата-баба аманаттарына адалдықтан айнымай алға апаруда аға буын ұрпақ өкілдерінің орны ерекше. Олар отбасылық құндылықтарды сақтауға, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықты болдырмауға ықпал етеді. Аға буынның жинақтаған тәжірибесін, білігін, парыз бен намыс ұғымын сақтап, жеткізу – келешек ұрпақтың алдағы жетістіктерін одан әрі дамыта түсетін негізгі бастау.
Ел ағалары мен ардагерлеріміз осы жиында жастар тәрбиесіне, ұлттың келешегіне аса көңіл бөлініп, ұлттық ұлағатты қасиеттер мен құндылықтарды жаңғыртып, кері тартатын көлеңкелі ойлардан, арылуға шақырды.
Ұрпақ отаншыл етіп қалыптастыруға, рухани жағынан жаңғырып-жаңарған өнегелі жастар тәрбиелеуге, сана мен білім сапасын биіктете түсуге, жалпы ұрпақтар тәрбиесіне аянбай үлес қосайық!.