5 сынып оқушыларын ортаға бейімдеу керек

image.png

Түлкібас ауданындағы Т. Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепте 5-7 сынып жетекшілерімен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Жумабекова Гаухар Мубаракқызы мен Жаңабердиева Сания Нұрханқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Бейсеева Махбал Егеубайқызының ұйымдастыруымен «5 сынып оқушыларын ортаға бейімдеу» тақырыбында пікірталас өткізілді.

Мақсаты:  5 сынып оқушыларын орта буынға тез және жеңіл бейімдеу; бейімделудің, үйренісудің қиындықтарын зерттеу, саралау және түзету, дамыту; талапқа сай тәртіп ережесін игеру; сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынасты, бірін-бірі түсінетін ұжымды қалыптастыру, ата-аналардың мектеппен жиі байланыс жасауын ұйымдастыру. 

Оқушылар мектепке, мұғалім талабына сай , сыныптастарына үйренсе де, бейімделу үрдісі бірден қалыптаспайды. Сынып жетекшілер қандай шешу жолдары бар деген сұрақтарға өз ойларын айтып кетті.5 сыныптардың қайтадан жаңа әлеуметтік ортаға, жаңа сынып жетекшіге, пән мұғалімдеріне үйрену барысы туралы мәселелер қарасытырылды. Осы орайда оқушыларға психологиялық қолдаудың маңызды екені айтылды.Оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы қарым- қатынасты күшейту іс-шараларын ұйымдастыру, бар күш жігерді орта буынға салу барысында жоғарғы буынға келгенде қандай керемет сыныптар қалыптасатындығы айтылды. «Адам тәрбие нысанасы» Егер педагогика адамды жан-жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер