5 ұстазға медаль табысталды

image.png

Арыс қалалық мәдениет үйінде  “Ұстаз - ұлы тұлға!” атты мерекелік іс-шара үлкен деңгейде аталып өтті. Салтанатты іс-шараны қала әкімі Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы ашып, білім саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Құрметті, Арыс қаласының ұстаздар қауымы! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің ертеңі сіздердің қолдарыңызда кәсіби құзіреттеріңізді сәт сайын дамытып, шыңдала беріңіздер, ұстаз деген ұлы атқа лайықты бола беріңіздер! Сіздер тек қана білім нәрімен сусындатушы ғана емес болашағымыздың негізін қалаушысыздар. Сондықтан сіздерге қандай құрмет көрсетсекте көптік етпейді»,- деп атап өтті өз сөзінде қала басшысы. 

Шаһар  әкімі білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды марапаттады.

Атап айтқанда, «Арыс қаласын дамытуға қосқан үлесі үшін» 5 ұстаз медалімен марапатталса,  4 ұстаз ҚР Оқу-ағарту министрінің наградаларымен ұлықталды. Бұдан бөлек, білікті ұстаздарға облыстық білім басқармасы 14 ұстазды және қалалық мәслихаты 12 ұстаздарға Алғыс хаттары табысталса, «Amanat» партиясының Алғыс хатымен 4 мұғалімді марапатталды. Білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков  білім саласында еселі еңбек етіп жүрген ұстаздарды құттықтап, ардагер ұстаздарға гүл шоқтары берілді.

Сонымен қатар Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы  Жұматай Ишантайұлы еңбегі сіңген қызметкер төс белгісімен және облыстық білім басқармасының құрмет грамотасымен бірнеше ұстаздарды марапаттады.   «Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар! Мерейлі мерекеде ұстаздардың марапатталғаны әріптестеріміз үшін үлкен қуаныш", - деді Арыс қаласының білім бөлімінің басшысы  Әшімхан Тілеуханұлы.

Салтанатты шара соңы қаламыздың өнерпаздарымен қатар ұстаздар мектеп оқушыларының мерекелік концертімен қорытындыланды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер