Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Ұстаздар күніне орай "Өзін -өзі басқару ұйымы мен "Жас - Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен "Дублер күні", яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті.
Дублер күнінің мақсаты - мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
"Дублер күнін" өткізу мақсатында мектепте "Өзін-өзі басқару" ұйымы 11 сынып оқушыларымен 10 сынып оқушылардан бастамашыл топ құрылды.
Сонымен қатар жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.
Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін мектеп Парламент Президенті, 11сыныппен 10 сынып оқушылары атқарды.
Дублер күнінің міндеттері: 1. Білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту; 2. Білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қалыптастыру; 3.Барлық параллельдердің білім алушылары арасындағы достастықты нығайту.