Оқушылар робо-спорт сайысында бақ сынасты

image.png

Таяуда  Түркістан қаласында «КазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Түркістан қаласының оқушылары N28 мектеп- гимназиясында «KazRoboSport-2023» робо-спорт Республикалық маңызы бар облыстық іріктеу кезеңінің жарыстарын өткізді.

Байқауға Түркістан облысының барлық мектептерінің робототехника және IT-технологиялар үйірмелері оқушылары қатысты.

Байқаудың мақсаттары: Робототехниканың цифрлық технология саласын оқушылар арасында насихаттау;  цифрлық технологияны меңгерген, еліне елеулі қызмет ететін болашақ мамандарды дайындау, цифрлық технология IT саласы мен мектеп оқушыларының арасында көпір орнату, ақпарат алмасу.

"Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты  «№ 8 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары: Қасымбек Қайсар мен Тасыбек Бағдат қатысып, таныстырды. (Үйірме жетекшісі Трубач Лев, Шералиев Болат). 

Оқушылар аудан мен мектебін лайықты таныстырып, «Robo ASYQ ATU» номинациясы бойынша ІІ-орынға ие болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер