Отырар ауданы Т. Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінде "Мирас" тарих, құқық, жаһандық құзыреттілік пәндері бірлестігінің айлығы ашылды. "Тарих,құқық пәндерінен цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқыту мен тәрбиелеуді интеграциялау" тақырыбындағы айлық іс-шара ұлттық,тарихи көрмеден бастау алды.
"Кітап айналымы" бұрышы жасалып, "Менің ауылым - менің болашағым" атты Арыс ауылының тарихы туралы кітапшамен толықтырылды. Өткенге шолу жасамай, бүгінгі тарихты толық білу мүмкін емес. Бұл айлықта "Тарихи мұралар - асыл қазынамыз" атты көрме, ашық сабақтар, "Туралықты тұғыр еткен Төле би" тәрбиелік шарасы және тарих,құқық пәндерінен оқу бағдарламасын зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Зияткерлік ойын,танымдық сайыстар, шығармашылық талдаулар болмақ.
Бірлестік жетекшісі А. Айтуарова жоспармен таныстырып шықты. Оқушылар мен мұғалімдердің белсенді қатысуын, цифрлық технологияның түрлі әдістерін қолдануға шақырған мектеп директорының оқу-ісі орынбасары Ж. Байзақ сәттілік тілеп айлықты ашты.
Тарих - туған ауылдан басталмақ. Ұлтымыздың тарихын білу әр қазақтың парызы.
Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.