Ұстаз - мектептің жүрегі

image.png

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтанда ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек. «5 қазан Ұстаздар күніне» орай Отырар ауданы «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін» мектебінде  «Ұстаз мектептің –жүрегі» тақырыбында ұйымдастырушы педагог Б.Өтебек, тәлімгер А.Құлманова, музыка және драма үйірме жетекшісі А.Шорабековалардың ұйымдастыруымен мектебіміздің білімді де өнерлі оқушылардың атсалысуымен мерекелік іс шара өткізілді. Іс шараны мектеп директоры Н.Кәрібаева ашып зейнеткер ұстаздар мен мектеп ұжымын мерекемен құттықтады. Бастауыш кәсіподақ төрайымы А.Әлжан зейнеткер ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, кәсіподақ тарапынан сый сияпатын табыстады. Іс шараға келген зейнеткер ұстаздар мектеп ұжымы мен шәкірттерге алғыстарын айтып, батасын берді. Мерекелік іс шара әрі қарай өнерпаз оқушылардың концертіне ұласты. Бұл кеште барлық сыныптың өнерлі оқушылары қатысты. Ұстаздарға арналған ән-күй орындалып, мың бұралған биші қыздар көркем билерін көрсетті. Іс-шара өте жоғары деңгейде болды. Шәкірт жолында толымды еңбек етіп жүрген, барша мұғалім үшін не жасалсада артықтық етпейтінін, мектеп оқушылары дәлелдеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер