«Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Қазіргі заман мектептерінің оқушыларына қойылатын талап та өте жоғары. Олар жоғары дәрежедегі құзіретке ие болу, өз бетімен өмір сүре алу және кәсіби қызметке шығармашылық тұрғыдан дайын болу керек. Оқушыларды ғылыми-зерттеу және ғылыми практикалық қызметке қатысуын көздейтін бағыт барынша маңызды болуда.
Осы ретте Отырар ауданының білім бөлімінің «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 8«Ә» экперимент сыныбына сабақ беретін пән мұғалімдері мен физика пәнінің мұғалімі Шаденова Нұрсұлу және физика пәнінің зертханашысы Жаңабай Айша «Ақылдасу» сабағын өтті. Сабақтың тақырыбы: «Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру» №1 зертханалық тәжірибе жұмысын көрсетті. Сабақтың мақсаты: Жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру. Құрал- жабдықтар: Калориметр, өлшеуіш цилиндр, термометр, стақан, ыстық суы бар шәугім. Оқушылар эксперимент, практика, сарапшы деп үш топқа бөлінді. Берілген құрал – жабдықтармен оқушылар ыстық су мен мұздай судың температурасын білу мақсатында тәжірибе жұмысын жасады. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары байқалды.
Сондай-ақ аталмыш білім ошағында 10 «А» сынып оқушыларына сабақ беретін пән мұғалімдермен бірге ағылшын пәнінің мұғалімі Алма Үсенқызы ақылдасу сабағын өткізді. Алдын-ала мұғалімдерден құрылған топ мүшелері өтілетін сабақта оқушылардың деңгейлерін анықтау мақсатында ақылдасып бірлескен жоспар құрды. Сабақтың тақырыбы «Табиғи апаттар» . Сабаққа негізделген оқу мақсаты табиғи апаттардың түрлерімен танысу және алдын алу. Ойлан, бірік, бөліс және серпілген сауал әдістері арқылы оқушылар жеке, топпен түрлі тапсырмаларды орындады. Үлгермі төмен оқушылармен жұмыс жасай отырып олардың сөздік қорларын дамытты . Жалпы сабақта тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға осылайша отырарлық мұғалімдер үлес қосуда !