Ардагер ұстаздарды құттықтады

image.png

Ордабасы аудандық педагогикалық-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, ұстаздар күніне орай "Ұстазым менің, ұстазым" атты аудандық мерекелік іс-шарасы аясында бастауыш сынып әдіскерлері Г.Молжігіт пен Ж.Мыңбаеваның ұйымдастыруымен Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебінің базасында бастауыш сынып мұғалімдері арасында зейнеткерлік жастағы тәжірибелі ұстаздар мен жас ұстаздардың қатысуымен "Ұстаз - ұлы тұлға" атты кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешіне "Төрткүл" жалпы орта мектебінің ардагер ұстазы Жора Дариға және Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Науан Ләззат, Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұсахан Майра, Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сман Райхан, "Достық" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Саноева Уардак ұстаздар кеш қонағы ретінде шақырылып, жас ұстаздарға педагогикалық еңбек жылдарындағы қызық та, қиындығы мол сәттерімен, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. 

Жас ұстаздарға еңбектеріне сәттілік тілей отырып, білім беру мен тәрбиелеуде талмай еңбек етуді, мол ізденісті қажет ететінін айтып, жақсы лебіздерін білдірді.

Кездесу кеші барысында Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, жас ұстаздар жақсы тілектерін білдірді.

Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес."Ұстаз"деген адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап көңілін табатын, өнеге мен тәрбие беретін,болашаққа жол көрсететін ардақты, киелі үлкен құрметке лайықты жандар. Ұстаздар мерекесі қарсаңында Ордабасы ауданы білім бөлімінде,білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында көп жылдар еңбек етіп, бүгінгі күні зейнетке шықса да өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп отырған ардагер ұстаздармен "Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы"атты кездесу кеші өткізілді. 

Ордабасы ауданы білім бөлімінің басшысы Ш.Т.Нұрабаева ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтап,алғысын білдірді. Ауданның мектепке дейінгі ұйым басшылары ұлағатты ұстаздарды Ұстаздар мерекесімен құттықтады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер