Алаш зиялыларын еске алды

image.png

Сайрам ауданына қарасты № 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен “Сыр сандықтың сырын ашқан - Сәкен” тақырыбында онкүндік басталып кетті. Аталған пәні бірлестігінің мұғалімдері “Өлімге жан екенсің қимайтұғын...” деген тақырыпта Сәкен өмірінен сахналық қойылым қойды. Ашылу салтанаты “Әдеби қымызханамен” ұласып, ұстаздар мен оқушыларға “Тәтті сұрақтар”, “Қатты сұрақтар”, “ Майлы сұрақтар”, “ Жайлы сұрақтар” қойылып, дұрыс жауап бергендерге бауырсақ пен құрт, қазы, көже, қымыз, жент ұсынылды.

Іс - шарада қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мұғалімдері оқушылар мен ұстаздарға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар айтып, өлең шумақтарын оқып, әндерін орындады.

Сонымен қатар “Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы” атты кітаптар көрмесі қойылды. Көрмеде ақынның "Тар жол, тайғақ кешу”, Жер қазғандар”, “Айша", “Аққудың айрылуы” еңбектері таныстырылды.

Ал Қазығұрт ауданы Білім Бөліміне қарасты Егемқұл Тасанбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  "Алаш" қозғалысының қайраткері,аса көрнекті ақын, педагог, психолог, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев Бекенұлының туғанына 130 жыл толуына орай "Жақұты барға жасын түспейді" тақырыбында 10-11 сынып оқушыларына "Балалар кітапханасы" жобасы аясында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға Мақжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту; Ақын шығармалары арқылы оқушылардың ой-өрістерін арттыру, ауызша сөйлеу мәдениеттерін, ойлау шеберліктерін дамыту.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер