Қазығұрт ауданында «Ардагерлер кеңесі» және «Әжелер алқасы» ұйымдарының жиындары өткізілді. Аудан орталығындағы мәдениет сарайында облыстық «Ардагерлер ұйымы» ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, «Әкелер мектебі» облыстық ұйымының төрағасы Сапарбеков Әбдішүкір, аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Омаров Аманбай Жанұзақұлы, аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Құрбанов Жүсіпбек қатысып отырды.
Жиынға аудан көлеміндегі барлық мектеп жанынан құрылған «Әкелер мектебі» және «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының мүшелері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және бала тәрбиесіне жауапты педагогтар қатысты.
Күн тәртібінде «Әкелер мектебінің – ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі» атты тақырыбы аясында «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» және ардагерлер кеңестерінің жұмыстарына мониторинг жүргізу, оның даму жоспары туралы айтылып, талқыланды.
Жас ұрпақты тәрбиелеу барлық жиынға қатысушылардың парызы мен міндеті екенін айта келе, оқушылардың мектептен тыс тәрбиеге негізделген шараларды күшейту қажеттілігі айтылды.
Сондай-ақ «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен «Ана - адам баласына берген асыл пендесі» тақырыбында танымдық семинары өткізілді.
Семинарға аудан орталығындағы 6 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен сынып жетекшілері, жоғарғы сыныптың қызбала оқушылары қатысып, онда қызбалдарға инабаттылық пен тәрбиенің қызбаласына маңыздылығын жан-жақты талқылап, отбасылық зорлық зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын-алу туралы баяндамалар оқылды. Мәдениет сарайы өнерпаздарының бала тәрбиесіне арналған сахналық көрінісі көрсетіп, көрермендер арасында үлкен қоғамдық пікір тудырды.