Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық семинар өтті

image.png

Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен Төлеби атындағы негізгі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен "Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру" тақырыбында аудандық семинар өтті. 

Семинар мақсаты - білім алушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру, ширату: сыни шығармашылық логикалық ойлау арқылы білім сапасын көтеру. Семинарға білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. 

Семинарда директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Салыбекова 5-сыныпқа "Бесікке салу", Д.Құлжанов 9-сынып оқушыларымен "Бала би мен Сырым", И.Рыбалко атындағы ЖОМ-нан екі мұғалім десант сабағын өткізді. 

Атап өтер болсақ, Қ.Долбахова 7-сыныпқа "Ең басты байлық", К.Зейдуллаева 6-сыныпқа " Тіршілікте құрыштай бол төзімді" тақырыбында ашық сабақтар өтті. 

Іс-шара соңында пән мұғалімдері кері байланыс беріп, сабақ өту кезінде нәтижеге бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білгенін, сабақтың құрылымы дұрыс құрылғанын, сабақты бағалау, бекіту кезеңдері дұрыс жүргізілгенін атап өтті. Жас мамандарға тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген осындай семинарлар өз жалғасын таба бермек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер