Балалар эссе жазып жарысты

image.png

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 9,10-сынып оқушылары арасында "Менің шағын Отаным" республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі өтті.  Конкурсқа 110 оқушы катысты.

Интеллектуалдық конкурстың мақсаты: туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамыту, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Конкурста оқушылар Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсырып, "Менің шағын Отанымның тарихы", "Менің шағын Отанымның символы", "Менің шағын Отанымның болашағы" тақырыптарында презентация, макеттерін қорғады, "Менің туған өлкем" тақырыбында эссе жазды.

Аталған байқауда Әйтеке би атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы "Менің туған өлкем" эссе байқауынан Әніш Сания II-орын алды. 

"Менің шағын отанымның символы" тақырыбында презентация қорғап 9-сынып оқушысы Қалжан Аделья II-орын алды. 

"Менің шағын отанымның болашағы" макет жасап қорғаудан 10-сынып оқушысы Бердіхан Айбек III-орынды жеңіп алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер