Интеллектуалдық сайыстар баланың зейінін аша түседі

image.png

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады. Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы  оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi. Сондықтан қазіргі білім жүйесінде сабақты ойын ретінде өтіп, интеллектуалдық шараларды көптеп ұйымдастыру қажеттігі айтылған. 

Жаңартылған білім жүйесінің негізінде саурандық ұстаздар да интеллеуткалдық ойындарды жиі ұйымдастырып, оқушылардың зейінін ашып, ой-өрісін тереңірек дамытуға күш салуда. Айталық жақында аудандағы  А. Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте  4-сыныптар арасында "Мың бір мақал-мәтел" тақырыбында зияткерлік сайысы өтті.  Мақсаты: “Сөз мәйегі-мақал” дегендей, оқушыларды ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорың молайту. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.

Сайыста "Тұлпар" ,”Жігер”және “Зергер” топтары “Жалғасын тап”, “Мәтін бойынша мақал-мәтел құрастыру”, “Кім тапқыр”,“Ойлы болсаң, тауып көр” кезеңдерінде күш сынасты.  Өздері жаттаған мақал-мәтелдерді ортаға салып, мән-мағынасын түсіндіріп,талдап білімдерін көрсетті. Ең көп мақал жаттаған оқушыларға тәттілер үлестіріліп, топтар марапатталды.

Сондай-ақ Т.Айтжанов атындағы мектепте 3-4 - сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын сақа » олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты: математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау,олимпиада резервін қалыптастыру; математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру,ғылымға,жаратылыстануға баулу;  оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға,сыни тұрғыдан ойлауға,күрделі есептерді шешуге дағдыландыру; жеңімпаздарды анықтап,ынталандыру.

Олимпиадаға 30 оқушы қатысып, 6 оқушы аудандық кезеңге өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер