Ұстаздар өнерлерін ортаға салды

image.png

Ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Сауран ауданында да өнерлі ұстаздар аз емес. Олар жақында өз өнерлерін паш еткен болатын. Яғни аудандағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары А.Қалықұлованың ұйымдастыруымен «Өнерлі ұстаз-2023» атты байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты: мектеп мұғалімдерінің кәсіптік деңгейін, шығармашылығын дамыту.

Байқауға әр бірлестіктен 1 мұғалімнен қатысты.  Байқау 4 кезең бойынша өтті: таныстырылым, жұмыс материалдары (өткізілген ашық сабағын қорғау) , «Педагогикалық жағдаят», «Өнер байқауы».

Байқау жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар әрбір кезеңге жоғары деңгейде, тыңғылықты дайындалғандарын көрсете білді. Олар  өз өнерлерін, кәсіби біліктілігін ортаға сала отырып, "Болашақ мұғалім моделін" де көрсетті.  Сайыс нәтижесінде қазылар алқасы озып шыққан сайыскер топтарды  жүлделі орындармен марапаттады. Атап айтқанда еңбек пән мұғалімі А.Мақұлбекова, орыс тілі пән мұғалімі М. Отебаева көрермендер көзайымы және мәнерлеп оқу шебері номинациялармен марапатталса, ІІІ-орынды информатика пән мұғалімі Ұ. Хайруллаева, ІІ- орынды дене шынықтыру пән мұғалімі Т.Дүйсенбеков, І-орынды бастауыш пән мұғалімі Ү. Бейсеналиева алды. Ал, тарих пәнінің мұғалімі Б. Мырзабеков «Өнерлі ұстаз-2023» атағын жеңіп алып, ауданға жолдама алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер