Екі мектеп ынтымақтастық орнатты

image.png

Түркістан қаласындағы «Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалы мен Түркістан облысы Сауран ауданы  «Т.Айтжанов атындағы жалпы білім беретін» мектебі өзара меморандумға отырды. Меморандум мақсаты тараптардың арасында түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарының ( бастауыш сынып ортасы, негізгі орта, жалпы орта білім беру) «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясындағы ауыл мектептерінің білім сапасын арттыру, ғылыми жобаларды дайындау, ғылыми жұмыстарды жазу және әдістемесін оқыту, заман талабына сай сұранысқа ие, өзекті ғылыми жұмыс тақырыптарын таңдай білуге және ғылыми жобаны қорғау бағытында әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ оқушыларды жаратылыстану (математика, физика, химия, биология т.б.) және гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, педагогика - психология, тарих, құқық, т.б) бағыттағы пәндік олимпиадаға дайындауға байланысты инновациялық әдістері бойынша тәжірибе алмасу, оқу үдерісін жетілдіруге байланысты ғылыми зерттеу аясында инновациялық білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге болып табылады.

Назарбаев зияткерлік мектебінің міндеттері:

-Жалпы білім беру ұйымын қатыстыра отырып, білімді дамыту ғылыми тақырыптарды таңдау, ғылыми жобаларды дайындау мен ғылыми жұмыстарды жазу әдістемесі туралы арнайы оқыту семинарын ұйымдастыру.

-Білім беру ұйымының педагогтері мен білім алушылар дайындаған ғылыми жобаларға, оқу-әдістемелік құралдарға пікірлер жазу, рецензиялар беру,тапсыру.

-Білім беру ұйымындағы педагогтарға олимпиадаға дайындау әдіс – тәсілдерімен тәжірибе алмасу.

- «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ұйымдастырылуымен өткізілетін халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларға білім беру ұйымдарындағы педагогтарына ғылыми бағыты бойынша қатысуына қолдау жасау;

-«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның педагогтері сұранысқа сәйкес білім беру ұйымының педагогтарымен білім алушылары үшін оқу үдерісін жетілдіру бағытында шеберлік сағаттар алмасу мақсатында арнайы семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру болып табылады.

Бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінде өткізілген тағлымдамадаға  Т.Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің ұстаздары  қатысып қайтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер