Шәкірттер ұстаздарды құттықтады

image.png

Сауран ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде  “Ұстазым-ұлағатым, үлгі-өнегем!” атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара ұстаздарды қарсы алумен басталып, әсем әнмен жалғасты. Әуезді ән мен биші қыздар көрермендерді бір сергітті. Оқушылар мектептің әкімшілік ұжымын құттықтап, өздерінің жүрек жарды ізгі тілектерін білдірді.

Ұстаз алдынан өткен кенші де, ғалым да, әнші де әрдайым ел үшін еңбек етеді Абай мектебінің түрлі салада еңбек етіп жүрген тұлғалар Түркістан Медиахолдинг басқарушы директоры Бейсенов Телман Әбдібекұлы,  Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор әл-Фараби ат. ҚазҰҒУ-нің физика-техника факультеті деканы Нұрзада Ә Бейсен  және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Медицина факультеті Жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі Төлежанов Нұрпейіс Халықаралық Ұстаздар күнімен өздерінің білім нәрі мен тәрбие берген ордасын құттықтап арнайы видео үндеу жолдап іс-шарада көрініс тапты. «Ардақты ұстаздар!  Ұстаздар күні құтты болсын! Әр күндеріңіз мейірімге толы, табысты, жемісті, қызықты болсын және әр оқушыңыз сіздердің арқаларыңызда әлемді жаңаша көрсін. Мұғалім мамандығы даналық пен жан жастығын, шығармашылық пен зор энергияны, мейірімділік пен қаталдықты біріктіреді! Сіздердің еңбектеріңізді бағалау өте қиын, ол бағасы жоқ теңдессіз дүние!Мейірім,төзімділік, бақыт және толағай табыстар тілейміз!»,- деп шәкірттер  ұстаздар қауымына ақжарма тілектерін білдірді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер