Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік

image.png

Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін – әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Әсіресе мұғалімдердің өзара, бір-бірімен тәжірибе алмасу үрдісі бүгінде Түркістан облысының білім жүйесінде қалыптасып келеді. 

Жақында ауылдық тірек мектептерден келген 75 мұғалімге Түркістан қаласындағы  Т химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздар қауымы әдістемелік көмек көрсетті.

 «Сабақты тиімді жоспарлау және оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында өткен тағылымдама барысында тірек мектептердің мұғалімдеріне әр пән бойынша ашық сабақтар мен NIS мұғалімдерімен сабақты жоспарлау, оқу мақсаттарымен жұмыс жасау және оқытудың инновациялық, заманауи әдіс-тәсілдер туралы тренингтер өткізді. 

Зияткерлік оқу ордасының ұстаздары сабақты жоспарлауда проактивті мұғалім болумен қатар, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі және арт терапия әдістері арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, мектептің қосымша ресурстық алаңы ретінде мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша тиімді әдістерімен бөлісіп, 19 ашық сабақ және 14 семинар жүргізді. 

Ауылдық  педагогтар  қауымы үшін  NIS ұстаздары өткен бүгінгі тағылымдама оқытудағы қажетті инновациялық және заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеретін тиімді тәжірибелік алаң болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер