«READx» жобасы бастау алды

image.png

Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Оқуға ұмтыл, Because reading matters!» ұранымен «READx» жобасының жаңа оқу жылындағы алғашқы кездесуі өтті. Зияткерлік оқу ордасының 7-8 сынып оқушыларына жобаның маңызын айқындауда ұйымдастырылған кездесуде спикерлер жаз мезгілінде оқыған кітаптары жайлы ойларымен бөлісті. 

Атап айтсақ, бірінші спикер Мухайе Артикова британдық балалар жазушысы Холли Вебб жазған «Девочка из лунного света» кітабы жайлы өз ойымен бөлісті. Ал, екінші спикер Нұрсәуле Ақбай Санжар Керімбайдың елге танымал журналист Бейсен Құранбектің өмірі жайлы баяндайтын «Бейсен және болмыс» атты кітабын оқуға ұсынды. Үшінші спикер Айкер Асылханова Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың бойыңдағы патриоттық рухты оятатын «Оян қазақ» кітабын оқуға кеңес берді. 

Жалпы жоба мақсаты – оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. 

Шара барысында жобаға қатысушы оқушылар спикерлердің кітап оқудың пайдасы жайлы шабыттандыратын баяндамаларына оң баға беріп, оқыған кітаптарымен ой бөліскендері үшін алғыс білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер