Зияткерлік мектептің оқушылары мұғалімдерін құттықтады

image.png

Түркістандағы Зияткерлік оқу ордасында ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетуде «Ұстаз деген – жарық нұры ғаламның» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Мәдени шара «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозиннің құттықтау бейнеролигімен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 

Мұғалімдерге ерекше көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламада өнерлі зияткерлер ән айтып, би билеп, сахналық көрініс қоюда мерекелік кештің көркін қыздырды. Сондай-ақ, шара соңында мектеп директоры Айдын Тусупжанов құттықтау сөз сөйлеп, мектеп дамуына атсалысқан бірқатар ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. 

Ұлт болашағы, бүгінгі ұрпақ үшін еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі әрқашанда зор құрметпен атап өтіледі. Бүгінгі мерекелік шара – ұлағатты ұстаздарға деген ерекше ықыластың көрінісі!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер