Созақ ауданы Әлия Молдағұлова атындағы мектепте "Әлемнің ғажайып үш тірегі" тақырыбында химия, биология және география пәндерінің онкүндігі аясында "Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс шараны білім ошағының педагогтары Н. Оразбекова мен Г. Бахтиярова жүргіп отырды. Семинар барысында мұғалімдер тапсырмалар құрастырып, сергіту сәтін өткізіп, тамаша көңіл күймен өткізді.
"Қызықты химиялық тәжірибелер алаңы" зертханалық жұмыстары аясында пән мұғалімдері түрлі зерттеулер жүргізіп, білімдері мен біліктіліктерін паш етті. Онкүндігінің бір күні "Пәндердегі бірлестік - табиғаттағы үндестік" тақырыбында өткен мұғалімдер арасындағы интеллектуалдық сайыспен жалғасты. Сайыс өте тартысты да, қызықты өтті. Сайысқа қатысушылар мадақтамалармен марапатталды.
Сондай-ақ онкүндік аясында "Алтын күз-2023" жәрмеңкесі болып өтті. Сонымен бірге мектеп білім алушыларының арасында Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, табиғатты қорғауға баулу,
табиғаттың адам өміріндегі маңызын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап, қорғауға өз үлестерін қосуға дағдыландыру, мейірімділікке баулу, экологиялық білімдерін молайту мақсатында "Табиғатты сүю-ел ертеңін ойлау" геоэкологиялық танымдық сайыспен толықты.