Созақ ауданының білім бөлімінің Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінде көркем еңбек, музыка пән әдіс бірлестігінің «Еңбекке бастан, өнерге жастан» онкүндігінің ашылуы болып өтті. Бірлестік мүшелері «Көңілді жүр, Ұстаз!» тақырыбында үзілістегі сергіту сәтін ұйымдастырды. Мұғалімдерге түрлі сұрақтар, қызықты тапсырмалар беріп, уақытты тиімді пайдалануға ықпал жасады. Мектеп дәлізінде қолөнер бұйымдарынан арнайы көрме жайып, таныстырылым жасады.
Сонымен қатар онкүндік аясында бірлестік жетекшісі Медеубаева Роза мен қосымша білім беру педагогі Мыңжанова Камшаттың ұйымдастыруымен 7-сыныптар аралығында «Сиқырлы саусақтар» тақырыбында топтық шығармашылық сайыс болып өтті. Оқушылар дәнді дақыл, жапырақтардан панно-гербарий, түрлі аппликация жасап, өздерінің қолөнер шеберлігін көрсете білді.
Сайыстың ережесіне сай 3 топ бақ сынасты.
1. Таныстыру / бірыңғай түсті форма, төсбелгі, топтың аты, ұраны/
2. «Алтын күз» келбетін бейнелейтін аппликациядан үй тапсырмасын жасап келіп, қорғау.
3. «Алтын дән» /түрлі дәнді дақылдардан өз қиялымен бейнелер жасап шығару.
4. «Табиғатым тамаша!» табиғи материалдардан /жапырақ, ағаш, қауырсын, сабан, қамыс т.б./ картина жасау.
5. «Кім тапқыр?» сұрақ-жауап,жұмбақ сайысы.
Сайысқа оқушылар белсене қатысып, өнерлі екендерін іспен дәлелдеді.