Cалық базасының көзін тауып ұлғайту басты міндет

image.png

Елдің дамуына, экономикасының өсуіне көптеген факторлар әсер етеді. Соның бірі – салық. Салық түсімі неғұрлым көп болса, сол елдің, өңірдің экономикасы, әлеуметтік жағдайы да жоғарылай бермек.  

Жібек жолының бойынша жатқан Сауран ауданында кіріс көздері жыл санап ұлғайып келеді. Салық базасын ұлғайту шараларын үздіксіз ұйымдастыруға күш салуды  аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев  ауыл әкімдеріне тапсырған болатын. 

Сауран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Кишибаевтің айтуынша  2023 жылдың 7 айға бекітілген мемлекеттік бюджет жоспары 113 пайызға орындалған. Басқарма басшысы  жергілікті ауыл әкімдері кәсіпкерлердің заңды салық төлеуін қадағалануы қажет  деп есептейді. 

Жергілікті кіріс көздерінің орындалуы және жыл соңына дейін қосымша кіріс көздерін арттыруға атқарылатын жұмыстар туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов айтып берді. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жергілікті өзіндік кірістер бойынша жоспар 116.5 пайызға орындалған. Аудандық бюджет жоспары асыра орындалғанымен, кіріс көздерінің 3 түрінен жоспар орындалмай отыр. Олар: Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен; төлем көзінен салық салынатын табыстардан; әлеуметтік салық. Аудан аумағында 13 мемлекеттік балабақшалар, 28 жеке меншік бала бақшалар жұмыс істейді. Мемлекеттік балабақшалардан өткен жылы 37,5 миллион теңге көлемінде салық төлемдері түссе, биылғы жылдың 8 айының қорытындысымен 15,9 миллион теңге салық түскен. Ағымдағы жылы төлем жүргізбеген балабақшаларда бар. Аудан көлемінде мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлер көп. Жер қатынастары бөлімі мен ауылдық огруг әкімдіктері түгендеу жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныстар енгізу қажет. Сонда қосымша кіріс көздері едәуір артады. 

 Нарықтық экономика салыққа тәуелді болғандықтан, салық базасының көзін тауып ұлғайту басты міндет. Көлеңкелі экономикамен күрес жүргізіп, қазына қаржысын еселеген жөн. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтауға тиіс емес,- дейді Ғалымжан Үсенбаев. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер