Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз», – деп атап өтті. Онда тек мемлекеттік жүйені жаңғырту емес, бүкіл қоғам, әрбір адам өзгеруі керектігін баса айтқан болатын. «Әр азамат еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға ұмтылуы қажет», – деп айтқандай, Сауран ауданына қарасты А.Югнаки атындағы жалпы орта мектебінде Президенттің осы және басқа да Жолдаулары негізінде, көптеген жұмыстар атқарыылып жатыр. Әсіресе ұрпаққа саналы білім беріп, ұлт болашағы жастардың әлемдік бәсекеге сай болуы басты назарға алынған. Соның арқасында мектепте айтарлықтай жетістіктер жеңістер, өзгерістер өте көп орын алуда. Мектеп басшысы «Мың бала» жобасын қолға алып, ұжымды ұйымдастыра отырып, жүзеге асыруда.
«Мың бала» жобасының оқу тәрбие үрдісінде қолданудың тиімділігі, осы оқу жылының қазан айынан бастап мектеп өзінің тәрбие саласында азаматтық патриоттық тәрбиені негізге ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласынының «Дарын» өңірлік орталығының директоры Майра Жанарқызының «Мың бала» жобасын эксперименттік алаң ретінде жүргізу мақсатында іс-шара жоспарлары негізінде осы жобаны енгізіп отыр. Бұл жобаны енгізудегі басты мақсаты – жасөспірімдер арасында белең алып келе жатқан құқық бұзушылықпен күресу. Осы мақсатта оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану назарға алынған. Нарықтық заманда ата-аналарының қадағалауынсыз қалған балаларды мектепке тарту жұмыстары арқылы ата-анаға моралдық-рухани көмек көрсету мақсат етілген. Оқушыларды сабақтан тыс кезде мектеп жанынан ашылған орталықтарға тарту – оқушылардың бос уақытында ана-аналарының қарауынсыз қалған сәттерінде құқық бұзушылық орын алмауын және пайдалы істермен айналысып, қабілеттерімен дарынын ұштай түсуіне жағдай жасау. Соның нәтижесінде мектеп ұжымы соны жобамен жұмыс жасау қажеттілігі мен мүдделілігін анықтап, осы жобаны іске асыруға барлық мүмкіндіктерінің жететініне көз жеткізіп отыр.
Мектепте 1500 бала жеті орталыққа толығымен бөлінген. Орталықта оқушылар 12 деңгейге бөлінген. Жалпы, осы жоба барысында мектептегі барлық 150 мұғалімге 10 баладан бөліп берген. Бұл бойынша 10 мұғалім бөлініп, оқушының сабаққа қатысуына, тәртібіне, қоғамдық жұмыстарға араласу бағыттары бойынша жұмыс жасап, бақылау жүргізіп келеді. Осы жоба негізінде мектепте 7 орталық ашылған. Әр орталық мына бағыттар бойынша бөлініп отыр. «Жас патриот», «Кемел келешек», «Адамтану», «Табиғат әлемі», «Ғылыми зерттеу», «Спорт әлемі», «Өнер әлемі» орталықтары. Бұл «Мың бала» жобасының негізгі мақсаты – оқушының әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасын зерттеу арқылы қолайлы орта қалыптастыру және «үштік одақтың» жұмысын жандандыру.