Әр оқушы дара тұлға

image.png

Жуырда Шардара ауданы, Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын арттыруда оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. 

Негізгі мақсат - бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын арттыруда оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, білім мазмұнын іске асыруда өзара тәжірибе алмасу, білім алушылардың оқу жетістіктермен баллдық бағалаудың дағдыларын меңгеру. 

Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және ұстаздарды бір-бірімен ой бөлісуге, пікір алмасуға, ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға шақыру. Бағдарлама барысында бастауыш пән мұғалімдерінің қазақ тілі, математика, әдебиеттік оқу пәндері әр күннің бағдарламасына сәйкес өтті. Семинарда мұғалімдер оқушыларды оқытудағы жаңа əдіс-тəсілдердің тиімділігін шебер көрсете білді. 

Оқушылар өз бетінше жеке, топтық, қосымша ресурстармен жұмыс жүргізсе, ал мұғалімдер қауымы болса, өзара тәжірибе алмаса білді.

Сонымен қатар аудандық білім бөліміне қарасты "Қазақстан жалпы білім беретін мектеп" оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің  "Развитие функциональной грамотности учащихся на уроках русского языка и литературы"тақырыбындағы апталықтың жоспары бойынша орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ерназарова Кенже "Образы героев в романе "Обломов" :Илья Обломов,Андрей Штольц,Ольга Ильинская,Агафья Пшеницина" тақырыбында 11 " "а" сыныбында ашық сабағын жоғары деңгейде өткізді.

Айта кетейік, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізгі бөлігі болып табылады. Келешек ұрпақты сауатты етіп тәрбиелеу Қазақстандағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарында көрсетілген болып, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Қазіргі білім мен ғылымның дамыған заманда білім беру жүйесінде «Функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру ең өзекті мәселеге айналып отыр.

Әлемнің дамыған елдер қатарына ену үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның шығармашылықпен ойлауы мен мәселелерді  жаңаша шешім табу қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы ізденіп білім алуға дайындығы, яғни бүгінгі жаһандану заманының ағымына сай болу  – оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.

«Функционалды сауаттылық» оқушының мектептегі алған орта білімінің күнделікті өмірінде және болашақтағы көп қырлы қызметінде кездесетін тұрмыстық қоғамдық, әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешуде табысты қолдана алуын қамтамасыз етеді. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер