«Ақбереннің» орны бөлек

image.png

Шардара аудандық «Оқушылар үйі» базасында аудан оқушылары арасында «Ақберен» республикадық өнер байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашыл қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсету мақсатында өткен байқауға аудан мектептерінен 100-ден аса оқушы қатысты.

Шешендік, білгірлік сайысы, көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта өнер көрсету, ақындар айтысы, ақындар мүшайрасы номинациялары бойынша сынға түскен жеңімпаз оқушылар аталған байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық–эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) шығармашылық қабілеттерін айқындау болып табылады.

«Ақберен» өнер байқауы — жыл сайын еліміздегі өнерлі, дарынды оқушылардың басын қосып, үздіктерді анықтайтын жоба. Бұл жобаның негізгі авторлары — Әшірбек Сығай мен Мырзатай Жолдасбеков. Биыл оныншы  мәрте өтіп жатқан байқаудың жастардың, әсіресе, бағалауда, олардың дарынын шыңдауда, өнерге, әдебиетке баулуда маңызы зор. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер