Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «VІІ Абай оқулары» әдебиетсайысының жеңімпаздары марапатталды.
Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпованың айтуынша, бұл дәстүрлі байқауының басты мақсаты Мемлекет басшысы айқындап берген Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілендіру, сондай-ақ дала данышпанының артында қалдырған мол мұрасын насихаттау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов байқауға қатысқандар мен жеңімпаздарды құттықтап, ақынның өлеңдеріне цифрлық технологияны пайдаланып, саналуан бейнеролик түсіріп, бірнеше тілде насихатталған жастардың талабы мен жігері, актерлік шеберлігі таң қалдыратыны атап өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлының пікірінше, әрдайым оқуға, еңбекке және руханиятқа шақырған Абайды оқитын адамның үлкен дәрежеге жететіні сөзсіз.
«Сенімен Болашаққа» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, VII Абай оқуларының демеушісі Нұркен Асанов Абай – ұлы, теңдесі жоқ тұлға, ал оның ілімі мен философиясы ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпайтынын ерекше атап өтті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы Алтынай Асқарованыңсөзінше, кемеңгер ақынның мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы. Ал өскелең ұрпақтың зердесін ашып, ұлттық әдебиетіміздің тұнық нәрін санасына сіңдіру – біздің парызымыз.
Игі дәстүрге айналған Абай оқуларына осы жылдары ішінде 4500-ге жуық адам қатысып үлгерді. Биыл 31 финалист іріктеліп, 22 жеңімпазанықталды. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар мен номинацияларға ие болғандардың арасында шардаралық ұстаз да бар.
Нақтырақ айтқанда әдебиет сайысы бойынша Шардарау ауданы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арынова Гүлпаршын І орынмен және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз!!!