Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы.
Жаһандық тәуекелдер мен сын-қатерлер кезеңінде өмір сүретін жаңа буын белсенділігі мен қызығушылықтарының әртүрлілігімен сипатталады. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның шынымен біртұтас балалар-жасөспірімдер және жастар қозғалысын құрудағы күш-жігерін біріктіру – заманауи мемлекеттің стратегиясы.
Соңғы онжылдықта республиканың қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер балалар мен жастар ортасындағы адамгершілік-рухани бағдарлар мен мұраттардың өзгеруіне алып келді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өскелең ұрпақ (балалар, жасөспірімдер, жастар) тәрбиелеудің қолданыстағы моделі трансформацияны және жаңа идеологиялық негізді талап етеді.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымы қызметінің қазіргі жағдайында білім беру ұйымын демократиялық басқаруға жағдай жасауға байланысты мәселелер туындайды, онда тек басшы мен педагогикалық кеңес қана емес, сонымен қатар білім алушылар, студенттер мен ата-аналар білім беру үдерісінің толық субъектілері ретінде білім беру ұйымы ұсынатын қызметтердің сапасына әсер ете алады.
Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру мәселелерін белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты қазақстандық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениетті адамды тәрбиелеу міндеті тұрды.
Бүгінгі таңда республикада балалар мен жастардың өз құқықтарын іс жүзінде қолдануға және қорғауға оқытатын оңтайлы тетік жоқ, бұл оқушылар мен студенттердің әлеуметтік маңызы бар қызметке уәждемелік дайындығын төмендетуге әкеп соғады. Білім беру ұйымының қабырғасынан шыққан білім алушылар нақты өмірде көбіне мүлдем дәрменсіз болып қалады.
Қазақстан Республикасының балалар-жасөспірімдер және жастар қоғамдық қозғалысы шеңберіндегі мектеп кеңестерінің, старостаттардың, жоғары сынып оқушылары кеңестерінің, мектеп әкімдіктерінің және т.б. орнына мектеп Парламенті түріндегі бірыңғай құрылымдық моделі бола алады.
Парламент – оқу-тәрбие процесінің мәселелерін шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.
Парламентте оқушылар мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады.
Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.
Осы ретте Түркістан облысы, Шардара ауданының білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінде Республикалық мектеп парламент Президентінің мектепшілік сайлауы өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында білім ордасындағы «Рауан» өзін-өзі басқару ұйымының 8-11 сынып білім алушылары арасында мектеп парламенті президентінің сайлауы өткізілді. Сайлау - бұл балалардың әлеуметтенуіне ықпал ететін ұжымдық іс-әрекеттің бір түрі, онда әр қатысушы тәуелсіз шешім қабылдауға және белгілі бір кандидатқа дауыс беруге құқылы.
Мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады, оқушылардың азаматтық ұстанымын дамытады, олар да патриотизм сезімін тәрбиелейді және өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастырады.
Биылғы мектеп Президенттігіне үміткер болып үш білім алушы тіркеліп, өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты. Президенттікке үміткер оқушыларды сайлауға мектеп директоры С.Халмұрзаева және мектеп білім алушылары мен мұғалімдер қатысып, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатыса алатын жауапты, тәртіпті кандидаттарына дауыс берді. Нәтижесінде мектептің 10 «Ә» сынып білім алушысы Тасыбек Назира Қуанышқызы басым дауысқа ие болып, мектеп Президенттілігіне сайланды. Қатысушылар мектеп Президентіне мектеп өмірін оның әртүрлі бағыттарында танымдық және қызықты етіп жасауға, мектеп оқушыларының мүмкіндігінше көп санын бірлескен мектеп істеріне тартуға тілек білдірді.
Айта кетейік, мектеп парламенттің мақсаты:білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Парламенттің міндеттері:
- білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте, колледжде, ЖОО-да бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру;
- ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;
- әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;
- өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.
Парламент өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді.
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
1.Құқық және тәртіп фракциясы.
2. Ақпарат фракциясы.
3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
4. Өзін-өзітану және бақыт фракциясы (психология).
5. Қамқорлық фракциясы (еріктілік).
6. Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
7. Дебат қозғалысының фракциясы.
8. Экология және еңбек фракциясы.