Мамандық таңдау – болашақты таңдау

image.png

Бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау – бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп қабырғасында он бір жыл бойы білім алып, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққаннан» кейінгі мәселе – болашақ мамандықты таңдау. Бұл жасөспірім өмірінің маңызды кезеңі. Себебі таңдаған мамандығы өмірінің бір бөлшегімен біте қайнасып жатады. Оңы мен солын танып үлгермеген мектеп оқушылары мамандығын дәл таңдауы қиын. Сондықтан жастар мамандық таңдауда көбіне ата-аналарымен, ұстаздарымен ақылдасып, бір шешімге келіп жатады.

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты "Достық жалпы білім беретін мектепте"  оқушыларға «Мамандық таңдауға бағдар»  іс-шарасы өтті. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін дүние.

Жүйелік және сабақтастық - кәсіби бағдар жұмысы тек жоғары сынып оқушыларына ғана жүргізілуімен шектелмеуі тиіс. 

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың мамандыққа және еңбекке деген қызығушылықтарының қалыптасуы мен сабақ үлгерімінің деңгейіне, өмірлік жоспарлары мен құндылық бағдарларының айырмашылықтарына сай саралау және даралау. 

Бұл бастауыш сыныптан басталып мектепті бітіргенше үздіксіз әрі жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс. 

Оқушыларға кәсіби бағдар беруде болашақ мамандығы мен оқыту бейінін таңдауға, сонымен қатар болашақ кәсіби мансабын жоспарлауға қолдау, көмек көрсету. 

Оқушыларды оқыту бейіні бойынша бөлу үшін олардың бейімділіктері, қаблеттері , қызығушылықтары , икемділіктері туралы объективті мәліметтер жинау.

Шара барысында оқушылар  өмір бойы оқу құндылығы мен мамандық таңдаудың негізгі шарттарын танытуды мақсат еткен сабақта оқушылар  мамандық таңдауда оң шешім қабылдау, еңбек қуанышын сезіну, өзінің бойындағы қасиетін танудың маңыздылығы мен ұстаздық мамандық туралы  пікір алысты.

Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

Қоғам мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап ететінін  оқушылар кері байланысынан байқатты.

Мамандық  бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың.  Бас кезінде дұрыс  таңдау жасалған болса, онда адам Кен Робинсон айтып жүрген «өз элементіне» ие бола алады.

Барлық мамандық маңызды. Кейбіреулері математикалық қабілеттерді қажет етеді, басқалары шығармашылықты қажет етеді, енді біреулері дене шынықтыруды қажет етеді. Жақсы немесе жаман мамандық болмайды, тек Сізге ұнайтын немесе ұнамайтын мамандық бар. Өмірде бәрі бір-бірімен байланысты болғандықтан, дұрыс мамандық өмірдің барлық саласына әсер етеді. Таңдау неғұрлым сәтті болса, өмір жолы соғұрлым қызықты және табысты болады.

«Мамандық таңдау – жай ғана оқып, диплом алу емес, өмірлік жолыңды таңдау. Сондықтан болашақтарыңды айқындау барысында талапкер де, ата-ана да «жеті рет өлшеп, бір рет кескен» абзал болмақ. Сол үшін осы бастан дұрыс бағытты таңдап, лайықты маман болудың жолын қарастыру керексіздер. Өйткені өз саласының білгірі ғана қай кезде де сұранысқа ие болмақ»»,- деп ұстаздар жиынды қорытындылады.

Бүгінгі жаһандық өзгерістер өзекті және сұранысқа ие мамандықтардың әлемдік статистикасын есепке алуға мүмкіндік береді. Воллонгонг университеті мен Австралияның Жұмыспен қамту департаменті зерттеу жүргізіп, 2023 жылы ең сұранысқа ие және өзекті мамандықтарды анықтады. Демек, қазір білім беру саласында мамандардың тапшылығы өткір мәселе күйінде тұр. Әсіресе, педагогикалық кадрларға сұранысқа толық жауап беру оқу бағдарламаларының өзектілігіне тікелей байланысты. Ынталы, білімді, білікті ұстаздар қашанда сұранысқа ие.

Сұраныстағы мамандықтарды зерттеу бойынша үздік төрттікке келесі педагогикалық мамандықтар енді: 3 – бастауыш сынып мұғалімдері, 9 – орта мектеп мұғалімдері, 10 – мектеп мұғалімдері, 12 – мектепке дейінгі білім беру мұғалімдері.

Болашақ білімде. Толық цифрландыру және басқа да жаһандық процестер еңбек нарығына және елімізге өзіндік түзетулер енгізуде. Қазақстанда алдағы жеті жылда ең сұранысқа ие мамандықтар белгілі болды. Бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында күтілуде. Оның үстіне бұл салаларда барлық пәндер бойынша базалық білім беретін мұғалім мамандығы маңызды рөл атқарады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер