Шардара ауданының әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес, аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерге арналған PISA (PBTS) және білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингісіне жауапты үйлестірушілері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психолог және пән мұғалімдері үшін өткізілген «Мектептерге арналған PISA (PBTS) “Қызылқұм” ЖББМ және Қ.Сағырбайұлы атындағы ЖББМ – дің 2022 жылы әлемдік білім беру жүйелерімен салыстырғандағы нәтижелері және білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингісіне (ББЖМ) дайындығы» тақырыбында ақпараттық семинар өткізілді.
Ақпараттық семинардың мақсаты – мектептерге арналған PISA (PBTS) 15 жас 3 ай - 16 жас 2 ай жас аралағында білім алушылардың оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын және интеллектуалдық қабілеттерін қолдана білу ептіліктерін бағалауын үйретуге шақыру және білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингісіне (ББЖМ) дайындығына ақпарат беру.
Ақпараттық семинардың күн тәртібі бойынша «Мектептерге арналған PISA (PBTS) “Қызылқұм” ЖББМ және Қ.Сағырбайұлы атындағы ЖББМ – дің 2022 жылы әлемдік білім беру жүйелерімен салыстырғандағы нәтижелері туралы тақырыпта ауданның PISA (PBTS) үйлестірушісі әдіскер Д.Надирбаева баяндама жасады.
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингісіне жауапты үлестіруші әдіскер А.Төреханова (ББЖМ) дайындығын жүргізу қағидалары, жалпы ережелер, мониторинг жүргізу тәртібі бойынша тест спецификациясын толықтай түсіндіріп, білім алушылардың білім сапасын негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын орындау, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру деңгейлерін жоғарылату жұмыстарын жүйелеу керектігін ескертті . Ақпараттық семинар барысында білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Жұман Нұрғали Мектептерге арналған PISA (PBTS) “Қызылқұм” ЖББМ және Қ.Сағырбайұлы атындағы ЖББМ – дің 2022 жылы әлемдік білім беру жүйелерімен салыстырғандағы нәтижелері және білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингісіне (ББЖМ) дайындық жұмыстары, білім сапасын арттыру мақсатында сіздерге кеңінен әдістемелік көмектермен ұсыныстар берілді. Жүйелі жұмыс жасау бағыттары аясында пікір алмасты.